2026 жылғы 25 қыркүйек - Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні
Футбол
Бүгін 09:34
 

Португалияның Ұлттар лигасындағы бірінші матчінде Роналдудың голын есептемеді

  Пікірлер

blog.share

Португалияның Ұлттар лигасындағы бірінші матчінде Роналдудың голын есептемеді ©x.com/selecaoportugal

Португалия құрамасы Ұлттар лигасының бірінші турында Уэльсті 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Командалар А лигасының 4-тобында өнер көрсетеді.

blog.share

Португалия құрамасы Ұлттар лигасының бірінші турында Уэльсті 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Командалар А лигасының 4-тобында өнер көрсетеді.

Португалия құрамасы бұл матчқа жаңа бас бапкері Жорже Жезуштің жетекшілігімен шықты. Кездесудің 22-минутында Жоау Феликс есеп ашып, португалиялықтарды алға шығарды.

Португалиялықтар 59-минутта есепті еселей түскендей болғанымен, гол есепке алынбады. VAR жүйесі Криштиану Роналду офсайдта болғанын көрсетті. 41 жастағы шабуылшы үшін бұл гол карьерасындағы 980-ші доп болуы мүмкін еді.

Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі келесі турда Португалия 27 қыркүйекте Норвегиямен кездеседі. Сол күні Уэльс Данияға қарсы ойнайды.

Португалия - турнирдің қазіргі жеңімпазы. Өткен маусымның финалында португалиялықтар Испанияны 2:2 (пенальти сериясы - 5:3) есебімен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!