Португалияның жаңа бас бапкері Роналдуға қатысты пікір білдірді

©ФИФА

Футболдан Португалия құрамасының жаңа бас бапкері Роберто Мартинес шабуылшы Криштиану Роналдудың ұлттық командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport24

Испаниялық маман 37 жастағы футболшымен сөйлесіп көрмек. 

"Ұлттық командада өткізген 19 жылдан кейін Криштиану Роналду құрметке лайық. 2022 жылғы әлем чемпионатына барған 26 футболшымен сияқты оныменмен де сөйлесемін", - дейді Мартинес. 

Роналду голдар саны (118) мен өткізген матч саны бойынша Португалия құрамасының рекордсмені.

Мұның алдында Португалия құрамасын 2014 жылдан бері Фернанду Сантуш жаттықтырған еді. Португалиялық маман Катарда өткен ӘЧ-нің ширек финалында команда жарыстан шығып қалғанына байланысты 15 желтоқсан қызметінен кеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport