Футбол
Бүгін 09:14

Португалияның жаңа бапкері Роналдуға қатысты шешім шығарды

©depositphotos/mrogowski_photography

Португалия құрамасының жаңа бас бапкері Жорже Жезуш Ұлттар лигасының бірінші турында Уэльске қарсы матчқа қатысатын негізгі құрамды жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу кеше, 24 қыркүйекте, Лиссабонда өтті. 

Жезуш негізгі құрамға Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуды қосты. Сонымен қатар алаңға алғашқы минуттан Диогу Кошта, Жоау Канселу, Ренату Вейга, Рубен Диаш, Нуну Мендеш, Рубен Невеш, Бруну Фернандеш, Витинья, Педру Нету және Жоау Феликс шығады.

Ұлттар лигасының А дивизионындағы 4-топта португалиялықтар Дания және Норвегия құрамаларымен де кездеседі.

УЕФА Ұлттар лигасы - Еуропа құрамалары арасындағы ең жас халықаралық турнир. Бұл жоба күнтізбедегі дәстүрлі жолдастық кездесулерді іс жүзінде толықтай ығыстырып, олардың орнына ресми матчтарды енгізді. Сонымен қатар командалар өз деңгейіне шамалас қарсыластармен күш сынасу мүмкіндігіне ие болды.

Чемпиондық атақ үшін негізгі күрес дәстүрлі түрде элиталық дивизион - А лигасында өтеді. Жаңартылған форматқа сәйкес, топ жеңімпаздары мен екінші орын алған командалар алдымен 2027 жылғы наурызда ширек финал аясында екі матч - өз алаңында және сырт алаңда - өткізеді. Осы кезеңнен өткен төрт үздік құрама 2027 жылғы маусымға жоспарланған турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport