Футбол
18 қаңтар 2022 11:45

Португалияның бас бапкері Роналдуды жылдың ең мықты ойыншылары тізіміне қоспады

©Football.ua

ФИФА 2021 жылғы ең үздік ойыншыға дауыс беру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды "Чемпионат"

Дауыс беруге құрамалардың капитандары мен бас бапкерлері, медиа өкілдері мен жанкүйрелер қатысты. Жыл қорытындысы бойынша ең мықты үш ойыншыны таңдау керек болатын.

Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш өз тұжырымынша ең мықты ойыншылар үштігіне өзі жаттықтыратын командадағы Криштиану Роналдуды қоспады. Бірінші орынға ол Н'Голо Канте, екіншіге - Жоржиньоны (екеуі де "Челси" сапында), ал үшінші орынға Роберт Левандовскиді ("Бавария") қойған.

Еске салайық, 2021 жылдың үздік ойыншысы Левандовски болды. Ал үштікке Мохамед Салах ("Ливерпуль") пен Лионель Месси (ПСЖ) кірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport