Португалияның бапкері Роналдуға қатысты шешімін айтты

7 желтоқсан 2022 13:40
©EPA / VOSTOCK Photo

Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш БАҚ өкілдерінің Криштиану Роналдуды Швейцарияға қарсы 1/8 финал матчінде "негізгі құрамда неге шығармадыңыз" деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл ойында Криштиану алаңға тек 74-минутта шықты, ал матч 6:1 есебімен аяқталды.

"Бұл таза біздің стратегия, Роналду нағыз капитан ретінде мысал бола алады. Бұл керемет еді, енді біз жерге түсуіміз керек", - деп береді Сантуштың сөзін RTP.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport