Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Еуро-2024 турнирінде Грузиядан ұтылу себеін түсіндірді, деп жазады Vesti.kz.
Гельзенкирхендегі "Фельтинс-Арена" стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды. Осылайша, Грузия тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.
"Бұл жеңіліс. Біз сылбыр бастап, ертең гол өткізіп алдық, Грузияға керегі де сол еді. Гол соғуға тырыстық, бірақ қолымыздан келмеді, бұл Грузияға сенімділік бере түсті. Гол салуға барымызды салдық, алайда жолымыз болмады. Бүгін мәселе тактика немесе ойншыларда болды дей алмаймын, мәселе Грузия паш еткен қуат пен инстенсивте болды", - деп береді Мартинсетің сөзін УЕФА.