Футбол
Бүгін 13:52

Португалияның ӘЧ-2026-дағы сәтсіздігіне басты кінәлі табылды

©instagram.com/Cristiano

Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Крис Саттон 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Португалия құрамасының өнеріне қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Роберто Мартинес жаттықтыратын команда мундиальдың 1/8 финалына дейін жетіп, бұл кезеңде Испаниядан 0:1 есебімен ұтылды да, жарыс жолынан шығып қалды.

Саттонның пікірінше, Португалияның сәтсіздігіне кінәлі – бас бапкер Роберто Мартинес.

"Португалия әлем чемпионатынан Роберто Мартинестің кесірінен шығып қалды. Оның команданы басқаруы адам шошырлық болды. Ол Бельгияда да бәрін бүлдірді. Ол кезде "алтын буынмен" үлкен жетістікке жетуге тамаша мүмкіндігі болды, бірақ, ақырында оларды "бельгиялық сайқымазақтарға" айналдырды. Ал Португалиядағы бапкер ретіндегі қызметі мүлде аянышты", – деді Саттон BBC Radio 5 Live эфирінде.

Сондай-ақ, ағылшын футболының ардагері Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналдудың ойынына да сын айтты.

"Команданың деңгейі көбіне негізгі шабуылшыға байланысты. Кінәнің көп бөлігін Роналдуға артуға болады, бірақ, одан да үлкен жауапкершілік бәрібір бапкерде. Орталық шабуылшы үнемі қозғалыста болуы керек, командаға көмектесуі, қысым жасауы, ойынын түрлендіруі қажет. Ал ол мұның ешқайсын істемейді – алаңда шал сияқты селтеңдеп жүр. Роналду ештеңе істемейді, мүлде ештеңе. Ол баспасөз мәслихатына отырып үш гол соққанын және бүкіл дүние соған қатысты екенін айта алады", – деді Саттон.

Крис Саттон кезінде үздік сұрмерген (1997/98 маусымында) және "Блэкберн" сапында 1994/95 маусымында АПЛ чемпионы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport