Португалиялық футбол журналисі Жоэл Аморим Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайраттың" финляндиялық КуПС командасын сенсациялық түрде жеңгенінен алған әсерін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өз алаңында ойран салған "Қайрат" Чемпиондар лигасында тарихи жетістікке жетті
"Андрей Аршавин және оның серіктері ойнаған "Қайраттың" кезеңі артта қалды. Бүгінде бұл команда Еуропаға өзін жаңа қырынан көрсетуге дайын: Дастан Сәтбаевтың жастығы мен таланты, Валерий Громыко және басқа ойыншылардың тәжірибесі. Бүгін олар ойын тағдырын керемет түрде өзгерте білді", - деп жазды Аморим әлеуметтік желілерде.