Футбол
Бүгін 09:35
 

Португалия Ұлттар лигасында Роналдусыз-ақ Уэлсті ұтты

  Пікірлер

blog.share

Португалия Ұлттар лигасында Роналдусыз-ақ Уэлсті ұтты ©Depositphotos/mrogowski_photography

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы турда Уэльсті ұтып, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы турда Уэльсті ұтып, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кардиффте өткен кездесу алаң қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Тартысты матчта командалар кезек-кезек басымдыққа ие болды. Алдымен португалиялықтар есеп ашты. Алайда артынша Уэльс құрамасы екі гол соғып, Жорже Жезуш шәкірттері қарсыласын қуып жетуге мәжбүр болды. Дегенмен Португалия футболшылары есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті де жұлып алды.

Жеңімпаздар сапында Бруну Фернандеш (11-минут), Педру Нету (43-минут) және Карлуш Форбш (70-минут) гол соқты. Ал Уэльс құрамасының атынан Дэвид Брукс (13-минут) пен Сорба Томас (40-минут) мергендік танытты. Айта кетейік, Педру Нету 74-минутта алаңнан қуылды.

Осылайша, Португалия 15 ұпаймен топта бірінші орын алып, турнирдің ширек финалына шықты. Ал Уэльс төртінші сатыға тұрақтап, А лигасындағы орнын сақтап қалу үшін шешушіі матчтарға қатысады.

Топтағы өзге құрамаларға келсек, Норвегия екінші орын алып, ширек финалға жолдама иеленді. Ал Дания үшінші сатыға тұрақтап, А лигасындағы орнын сақтап қалу үшін шешуші матчтарда ойнайды.

А лигасының 4-тобындағы алты турдан кейінгі жағдай:

Португалия – 15 ұпай;
Норвегия – 9 ұпай;
Дания – 9 ұпай;
Уэльс – 3 ұпай.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!