Португалия мен Испания соңғы минуттарда жеңімпазды анықтады. Роналду ашуға берілді

28 қыркүйек 2022 09:04
©twitter.com/SEFutbol

Футболдан Испания құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңінің алтыншы турында Протугалияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

А дивизионының 2-тобындағы кездесу Брага қаласында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші голды 88-минутта алаң қонақтары сапынан Альваро Мората салды. 

Квартеттегі өзге матчте Швецария командасы Чехиядан басым түсті - 2:1. 

Осылайша, Испания 11 ұпаймен топта бірінші орынға шығып, плей-офф кезеңге өтті. Одан кейін Португалия (10), Швейцария (9) және Чехия (4).

Айта кетейік, бұл жеңіліске қапа болған Криштиану Роналду алаңнан кетіп бара жатып, капитандық белгіні қолынан шешіп, жерге тастай салды. Осылайша, ол 2021 жылы ӘЧ-ге іріктеудің Сербиямен матчінде (2:2) жасаған әрекетін қайталап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport