Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасы Швейцарияны ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 6:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында бір голды команда капитаны Пепе салған болатын. Осылайша, ол әлем чемпионаты тарихындағы плей-офф кезеңінде гол салған жасы ең үлкен (39 жас 283 күн) футболшы болып отыр.
Енді ширек финалда Португалия құрамасы Мароккомен ойнайды.
Жартылай финал жолдамасы үшін таласатын өзге командалар: Хорватия - Бразилия, Нидерланды - Аргентина және Англия - Франция.