Футбол
Бүгін 17:20

Португалия құрамасының экс бапкері Роналдудан артық шабулшыны атады

©depositphotos.com/mrogowski_photography

Англия футбол құрамасының бас бапкері Томас Тухельдің көмекшісі Энтони Барри ұлттық команда капитаны Харри Кейннің гол соғу шеберлігіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

40 жастағы маманның айтуынша, "үш арыстан" шабуылшысы ол көрген барлық форвардтардан шебер. Барри олардың қатарында бұған дейін Португалия құрамасында бірге жұмыс істеген Криштиану Роналдуды да атады.

Кейн Роналдудан мықты ма?

"Кейннің соққысы мен бірге жұмыс істеп көрген футболшылардың барлығынан жақсы. Ол мен көрген ұлы сұрмергендердің бәрінен, соның ішінде Криштианудан да мықты. Сіздер мұны феноменалды деп айтып отырсыздар, ал мен Харри үшін бұл қалыпты жағдай дер едім.

Бір нүктеге дәл бағыттау, соққысының нақтылығы - мен мұндайды ешқашан көрген емеспін. Оның үстіне, ол мұны екі аяғымен де жасай алады", - деп береді Барридің сөзін Bayern & Germany.

Кейн тағы да нәтижелі өнер көрсетіп жүр

Ұлттар лигасының қазіргі маусымында ағылшын шабуылшысы бапкерінің сөзін ісімен дәлелдеп жүр. Кейн турнирдегі үш матчта төрт гол соқты.

Барри бұған дейін Португалия құрамасының бапкерлер штабында жұмыс істеген, сондықтан Роналдумен бірге қызмет атқару тәжірибесі бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport