Португалия құрамасының шабуылшысы Диогу Жота Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы "Ливерпуль" командасының бас бапкері Юрген Клопп айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Диогу туралы жаман жаңалық - ол Катардағы әлем чемпонатына қатыспайды. Оның жарақаты біз ойлағаннан ауыр болды. "Ливерпуль" мен Португалия құрамасы жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалық", - деп келтіреді Клопптың сөзін ВВС басылымы.
Айта кетейік, Жота Португалия құрамасына 2019 жылдан бері шақырту алып келеді. Ол ұлттық құрамасында 28 кездесу өткізіп, 10 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.
Биыл шабуылшы "Ливерпуль" сапында 8 ойынға қатысып, 5 гол соққан.