Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Жоау Феликс 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесіне кімді басты үміткер деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Португалиялық футболшы "Барселонаның" 19 жастағы қанат ойыншысы Ламин Ямальді басты үміткер деп атады.
Феликстің пікірінше, жеке жүлде тек жоғары статистика көрсететін емес, өз ойынымен жанкүйерлерді алаңдағы әр әрекетін жіті бақылауға мәжбүрлейтін футболшыға берілуі керек. Ол дәл осындай ойыншы ретінде Ямальды атап отыр.
"Мен әрдайым "Алтын доп" жүлдесін алаңға шыққанда қарап отырып, нағыз жұлдыз екенін және футбол тарихынан лайықты орын алуға тиіс екенін түсінетін ойыншы алу керек деп санадым.
Егер бүгінде теледидарды қосып, ойынын тамашалау үшін экраннан көз алмай отыруға себеп болатын футболшы бар болса, ол - Ламин. Иә, Килиан Мбаппе мен Харри Кейн керемет маусым өткізді. Бірақ Ламин - футболдың өзі.
Сонымен қатар ол әлем чемпионы атанды. Ал әлем чемпионатындағы жеңіс "Алтын доп" үшін күресте әрдайым үлкен маңызға ие", - деп береді Феликстің сөзін AS.
Еске салайық, 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесін табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл марапат тарихындағы 70-ші мерейтойлық рәсім болмақ.
Жүлде иегері FIFA рейтингінің алғашқы жүздігіне кіретін елдерден 100 журналистің дауыс беруі арқылы анықталады. Қазіргі "Алтын доп" иегері - ПСЖ футболшысы Усман Дембеле.
Жарнама