Португалия құрамасы Еуро-2024 алдында Роналдуға қатысты шешім шығарды

©instagram.com/alnassr

Футболдан Португалия командасы 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу раундының маусымда өтетін матчтеріне құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттық команда тізімінде қазіргі таңда Сауд Арадиясының "Әл-Наср" клубында ойнап жүрген шабуылшы Криштаину Роналду да бар. 

Роберто Мартинес жаттықтыратын команда Еуро-2024 іріктеуі аясында Босния және Герцеговина (17 маусым) және Исландиямен (20 маусым) ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport