Португалия Криштианусыз Швейцарияны тас-талқан етті

7 желтоқсан 2022 09:20
©Eurosport

Португалия құрамасы Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Швейцарияға қарсы ойында португалиялықтар алты гол салды. Үш допты Гонсалу Рамуш (17, 51 және 67-минутта) соқты. Ал Пепе (33), Рафаэль Геррейро (55) және Рафаэль Леао (90+2) бір голдан.

.Швейцарция құрамасы сапынан Мануэль Аканжи (58) ғана бір дәл соққымен көзге түсті.

Айта кетейік, Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду қосалқы ойыншылар қатарында болды, ал алаңға тек 74-минутта шықты. 

Осылайша, португалиялықтар плей-оффта Испанияны ұтып сенсация жасаған Марокко құрамасымен 1/4 финалда ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар