Футбол
Бүгін 08:09

Португалия - Хорватия матчінде Роналду алмастырылып, екі гол есептелмеді

©depositphotos/thenews2.com

Португалия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz

Торонто қаласында өткен 1/16 финал матчінде Криштиану Роналду бастаған команда Хорватияны 2:1 есебімен ұтты.

Есепті 53-минутта хорваттар ашты. Иван Перишич мергендігімен көзге түсті.

Арада он минут өтпей Криштиану Роналду таразы басын теңестіргендей болды. Алайда VAR тексерісінен кейін офсайд тіркеліп, гол есепке алынбады.

68-минутта Португалия пенальти орындау мүмкіндігіне ие болды. Доптың қасына келген Роналду алғашқы соққысынан кейін қайтарылған допты өзі қайта теуіп, есепті 1:1-ге жеткізді.

81-минутта Петар Сучич Хорватияны қайта алға шығарғандай көрінді. Бірақ бұл гол да офсайдқа байланысты есепке алынбады. Осыдан кейін Роналдуның орнына Рубен Невеш алаңға шықты.

Қосымша уақыттың 94-минутында Гонсалу Рамуш Португалияның жеңіс голын соғып, командасын келесі кезеңге алып шықты.

113-минутта хорваттар есепті теңестіргенімен, бұл гол да офсайд салдарынан есептелимеді.

Енді әлем чемпионатының 1/8 финалында Роналду бастаған Португалия құрамасы бұған дейін Аустрияны ірі есеппен ұтқан Испаниямен кездеседі.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport