Португалия құрамасы Литвада өткен футзалдан әлем чемпионатын ұтып алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Португалиялықтар былтырғы чемпион Аргентина құрамасын финалда 2:1 есебімен ұтып, атағынан айырды. Жеңімпаздар сапында Пани Варела (15 және 28-минут) дубль жасады, ал аргентиналықтардан Анхель Клаудино (28) гол салды.
Еске салайық, жартылай финалда Португалия пенальтиде Қазақстаннан басым түскен еді. Ал ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталған болатын.