"Портудың" чемпионаттағы рекордтық жеңіліссіз сериясы үзілді

©vseprosport

Португалия чемпионатының көшбасшысы "Порту" жеңіліссіз сериясын үзді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

31-турда "Брагаға" қонаққа барған "айдаһарлар" қарсыласын ұтуға шамасы жетпеді. Матчтағы жалғыз голды Рикарду Орта (54-минут) салды. Дегенмен, "Порту" 19 соққы жасап, үшеуі тура болды.

Осылайша, соңғы рет ішкі біріншілікте 2020 жылдың қазан айында ұпайдан қағылған Сержиу Консейсау шәкірттері 58 ойыннан кейін жеңілістің кермек дәмін татып отыр.

Турнир кетесінде "Порту" 82 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орындағы "Спортинг" болса 76 ұпай еншіледі. Португалия чемпионатының аяқталуына 3 тур қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport