Польша құрамасының экс бапкері қазақстандық футболшы ойнайтын команданың тізгінін ұстады

©"Висла" ФК

Польша біріншілігінде өнер көрсететін краковтық "Висла" командасы 50 жастағы Ежи Бженчектің бас бапкер болып тағайындағанын хабарлады, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Өткен маусымнан бері команданы словениялық Адриан Гула жаттықтырған болатын. Оның бастамасымен "Висла" ішкі біріншілікте 18 команданың ішінде 13-орында келеді. 

Қазақстан құрамасының футболшысы ойнайтын еуропалық команда бас бапкерсіз қалды

Ал Ежи Бженчек болса 2018 жыл мен 2021 жыл аралығында Польша құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Оған дейін бірнеше польшалық клубтарды жаттықтырған. 

Еске салайық, дәл осы "Висла" командасы сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков өнер көрсетеді. Жуковтың "Висламен" келісімшарты жазда аяқталады. Биылғы маусымда қазақстандық футболшы 12 ойынға қатысып, 1 гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар