Польша - әлем чемпионатында қатарынан үш пенальтиді сала алмаған бірінші құрама болып отыр. Бұл туралы Opta Sports хабарлап отыр.
Роберт Левандовскиге дейін пенальтиде 1978 жылы Казимеж Дейна мен 2022 жылы Мацей Журавски мүлт кеткен.
Еске салайық, Польша құрамасы Катарда өткен 2022 жылғы ӘЧ-де Мексикамен ойнады (0:0). 57-минутта Левандовски пенальтиді сәтсіз тепті.
С тобындағы келесі матчтер 26 қарашада өтеді. Ол күні Польша - Сауд Арабиясы, Аргентина - Мексика командаларының ойындары өтеді.