Футбол
Кеше 15:32

Полицияның өзіне шабулдады. "Реал" аңызын матчтен кейін құтқаруға тура келді

©Видеодан скрин

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты футболдағы тартыспен ғана емес, стадионнан тыс жердегі келеңсіз жағдаймен де есте қалып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz

AS басылымының мәліметінше, Бразилия құрамасы және мадридтік "Реалдың" бұрынғы қорғаушысы Марсело Мехикодағы "Ацтека" стадионы маңында болған тәртіпсіздіктің ортасында қалып қойған.

Бразилиялық футбол аңызы әлем біріншілігінің ашылу матчына көрермен ретінде келген. Алайда Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы ойыннан кейін ол жергілікті наразылық білдірушілер мен мексикалық полиция арасындағы қақтығыс аумағында қалып қойған.

Дереккөздің хабарлауынша, жағдай қысқа уақыт ішінде күрделене түскен. Осыған байланысты құқық қорғау органдары Марселоны ықтимал қауіп аймағынан шұғыл түрде алып шығу туралы шешім қабылдаған.

Мәлімет бойынша, бразилиялық экс-футболшы қақтығысып жатқан екі тараптың дәл ортасында қалып қойған. Дегенмен ол ешқандай жарақат алған жоқ. Полиция қызметкерлері оны қауіпсіз жерге жедел түрде жеткізген.

Айта кетейік, әлем біріншілігінің ашылу матчында турнир қожайыны Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңіп, ӘЧ-2026 додасының шымылдығын түрген болатын.

Марсело "Реал" сапында 2007 жылдан 2022 жылға дейін өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол мадридтік клуб құрамында 546 матч өткізіп, 38 гол соқты және 104 нәтижелі пас берді. Бразилиялық қорғаушы "Реалмен" бірге алты рет Испания чемпионы атанып, бес мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды.

Сондай-ақ, Марсело Бразилия құрамасы сапында 58 матч өткізіп, алты гол соғып, 11 нәтижелі пастың авторы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport