Ойын аяқталысымен алаң иелерінің жанкүйерлері стадион ортасына жүгіріп шыққан. Олар шаршаған ойыншылардан футболкаларын күшпен сыпыра бастаған екен.
Полиция тобырды тәртіпке келтіре алмай, алаңға жергілікті күш жасағы шықты. Осы кезде арнайы жасақты көрген ультрас бірден трибунаға қашып кеткен. Жасақ жанкүйерлер секторын қоршауға алып, ары қарай күш қолданбады.
"Дебрецен" 2018/19 мауысмды үшінші болып аяқтап, Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің екінші раундында италиялық "Торино" клубымен кездесу өткізген еді. Ал 2009/10 маусымында венгриялық клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын, мұнда команда "Ливерпуль", "Фиорентино" және "Лион" сияқты мықтылармен ойнаған.