Полиция Роналдудың 10 жастағы ұлына қатысты тергеу бастады

Сурет: Football.ua
Мадейра аралының полициясы "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдудың 10 жастағы ұлы гидроцикл басқарған видеоға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды The Sun.

Видеоны Роналдудың әпкесі Элма Авейру әлеуметтік желіде жариялаған. Португалиялық баспасөз видео сенбіде, Мадейра маңындағы Пол-ду-Марда түсірілгенін хабарлап отыр. Теңіз полициясының басшысы Геррейро Кардосу гидроцикл басқару үшін шкипер лицензиясы қажет, ал оны ересектер ғана ала алатынын, сондықтан тергеу басталғанын растады.

Ал ондай рұқсатсыз гидроцикл басқарған үшін 268-ден 2,6 мың фунтқа дейін айыппұл қарастырылған екен. Ал фирмалар мен жеке адамдарға айыппұл көлемі 10,7 мың фунтқа дейін барады.

Видео дүйсенбіде Элманың әлеуметтік желісінен өшірілген, дегенмен, ол Роналдудың ұлы мен оның анасы Долреспен түскен басқа суреттер жариялаған.