Поль Погба "МЮ" басшылығынан Криштианудікінен жоғары айлық талап етті
"Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушысы Поль Погба қызыл сойқандармен тек бір жағдайда келісімшарт ұзартуы мүмкін. Ол үшін француз ойыншысының бір апталық табысы Криштиану Роналдудың табысынан көп болу керек.

L’Equipe мәліметінше, Погба басшылықтан аптасына 585 мың фунт стерлинг айлық сұрап отыр. Қазір ол айтқан табысынан екі есе аз алады екен. Егер ағылшын клубы Погбамен келісімге келе алмаса футболшы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұжымдармен келіссөздер жүргізе алады.
Биылғы маусымда ойыншы 9 матчта командаластарына 7 нәтижелі пас берген.
Жарнама