Поль Погба Қазақстан құрамасына қарсы ойнамауы мүмкін

©ua-football

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба әлем чемпионатының іріктеу ойындарының алдында жарақат алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Манчестер Юнайтед" ойыншысы оқу-жаттығу жиынында алаңда командаласымен қақтығысып қалған. Нәтижесінде жаттығуды уақытынан ерте аяқтауына тура келіпті. Сонымен қатар, қорғаушы Преснел Кимпембе Қазақстан мен Финляндияға қарсы матчтарда командасына көмектесе алмайды.

Еске салайық, 13 қараша күні Катар-2022 турниріне іріктеу аясында Франция құрамасы Талғат Байсуфинов жаттықтыратын жігіттерді қабылдайды. Артынша 16 қазанда Финляндияға қонаққа барады. D тобының көшін 12 ұпаймен Дидье Дешам шәкірттері бастап тұр. Екінші орында 9 ұпайы бар Украина жайғасқан. Ал 7 матчта 3 ұпай алған "қаршығалар" соңғы орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: