"Ювентус" командасының жартылай қорғаушысы Поль Погба жолдастық кездесу кезінде алған жарақатын қалай емдейтінін әлі нақты шешпепті.
Жартылай қорғаушы Италияға барып, Златан Ибрагимовичке ота жасаған танымал дәрігер Бартран Соннери-Коттемен кездесіп, кеңеседі.
La Gazzetta dello ақпараты бойынша, Погбаның жарақаты жеңіл емес. Сондықтан да ол операция жасатуы мүмкін. Ал егер ол операция жасататын болса 3 не 5 айға қатардан шығып қалып, Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды.
Погба әлем әлем чемпионатына қатысуға ниетті. Сол үшін де тез арада сауығып кететін ем жолын қарастыруда.
АҚШ дәрігерлері оған операция жасату керек деген кеңес берген. Содан кейін Погба жергілікті дәрігерлермен кеңесу үшін Италияға келген. Франция құрамасының футболшысы қазіргі уақытта "Ювентус" дәрігерлермен ем-домды қалай тез жасаудың жолын қарастыруда.