Почеттиноны қуып жіберген ПСЖ командасы жаңа бас бапкерін тағайындады

©ПСЖ

"Пари Сен-Жермен" франциялық маман Кристоф Гальтьенің бас бапкер етіп тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Гальтье бұл қызметте Маурисио Почеттиноның орнын басады. Аргентиналық маман бүгін қызметінен босатылған еді. 

Айта кетейік, Гальтье бұған дейін "Ницца" командасының бас бапкері болып, Франция біріншілігінде бесінші орын алды. Оған дейін 55 жастағы маман "Лилль" және "Сент-Этьен" командаларын жаттықтырған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport