Polymarket аналитикалық-статистикалық платформасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазына қатысты жаңартылған болжамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Топтық кезең аяқталғаннан кейін платформа сарапшылары плей-оффқа өткен барлық құраманың турнирде топ жару мүмкіндігін бағалады.
Тізімнің көшін Дидье Дешам баптайтын Франция құрамасы бастап тұр. Сарапшылар франциялықтардың әлем чемпионы атану мүмкіндігін 23 пайыз деп бағалаған.
Екінші орында – қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы (20 пайыз). Ал алғашқы үштікті Испания (11 пайыз) түйіндейді. Төртінші орында Англия (10 пайыз), ал үздік бестікке Португалия (6 пайыз) енді.
Polymarket нұсқасы бойынша ЧМ-2026 жеңімпазына басты үміткерлер:Франция — 23%;
Аргентина — 20%;
Испания — 11%;
Англия — 10%;
Португалия — 6%;
Бразилия — 5%;
Нидерланд — 5%;
Германия — 4%;
Колумбия — 2%;
АҚШ — 2%.
Айта кетейік, Франция мен Аргентина 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында кездескен болатын.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өтеді.