Перуде футбол жанкүйерлері жол апатынан қаза тапты

Перуде автобус жол апатына ұшырап, сегіз адам қаза тапты және тағы бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды El Universo.

Басылым мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы эквадорлық "Барселона" фанаттары. Сенбіде, 15 ақпанда олар Лима қаласында өз сүйікті командасының "Спортинг Кристаль" клубына қарсы ойынынан қайтқан. Автобус Манкора қаласына жақын маңда 15 метр биіктен құлап кеткен.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтар