Мадридтік "Реал" Франция құрамасының қорғаушысы Ибраима Конатені сапына қосуға аз қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Трансфер "Реалдағы" сайлау қорытындысына байланысты
El Chiringuito мәліметінше, франциялық футболшының "Реалға" ауысуы клуб президенті Флорентино Перестің қайта сайлануына тікелей байланысты.
Дереккөздің хабарлауынша, қазіргі президент Ибраима Конатемен алдын ала келісімге келіп қойған және болашақ трансфердің негізгі шарттарын әзірлеген.Алайда мәміленің ресми түрде аяқталуы президенттік сайлаудың нәтижесіне тәуелді. Егер Флорентино Перес өз қызметін сақтап қалса, трансфер толықтай жүзеге асырылуы мүмкін.
Еркін агент мәртебесі және сұраныс
Жақында Конате "Ливерпульден" келісімшарты аяқталған соң кетіп, еркін агент атанды. Осыған байланысты ол трансфер нарығындағы ең сұранысқа ие ойыншылардың біріне айналды.
Еуропаның бірнеше алпауыт клубы қорғаушыға қызығушылық танытқанымен, 27 жастағы футболшыны қатарға қосуға басты үміткер ретінде дәл қазір "Реал" қарастырылып отыр.
?? BREAKING: Ibrahima Konaté is joining Real Madrid if Florentino Perez wins the elections.
— Madrid Zone (@theMadridZone) June 1, 2026
The deal is DONE. @elchiringuitotv pic.twitter.com/VmZt8CV4OY
"Реалдың" бұрыннан қызығушылығы бар
Мәліметтерге сәйкес, егер қазіргі сценарий сақталып, Перес қайта сайланса, мадридтік клуб Конатені трансферлік өтемақысыз өз қатарына қоса алады.
Айта кетейік, "Реал" Конатеге бұған дейін де қызығушылық танытқан. Қысқы трансферлік кезеңде испандық БАҚ француз қорғаушыны шақыруға шабуылшы Килиан Мбаппенің өзі бастамашы болғанын жазған еді. Екі футболшы Франция құрамасында бірге өнер көрсетеді.
Жарнама