Флорентино Перес "Реал" клубындағы президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Жозе Моуриньюдің мадридтік клубтың бас бапкері қызметіне тағайындалуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Моуринью "Реалға" қайта оралады
79 жастағы функционер португалиялық маманның "корольдік клубқа" қайта оралатынын растады.
"Біз әлемдегі ең үздік бапкерлердің бірін, нағыз мадридисті қайта қарсы алатынымызды мақтан тұтамыз... Жозе Моуриньюны", – деп бередіПерестің сөзін журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде.
Сайлау қорытындысында Перес өзінің қарсыласы – испаниялық кәсіпкер Энрике Рикельмеден басым түсіп, "Реалды" 2030 жылға дейін басқару құқығын сақтап қалды. Бұл қызметті ол қатарынан сегізінші рет атқармақ.
Моуринью немен танымал?
Жозе Моуринью бұған дейін де "Реалда" жұмыс істеген. Ол мадридтік клубты 2010 жылдан 2013 жылға дейін жаттықтырды.
Оның жетекшілігімен "сливочные" Испания чемпионатын, Испания кубогын және Испания суперкубогын жеңіп алды. Ал өткен маусымның қорытындысы бойынша "Реал" бірде-бір жүлде иелене алмады.
2025 жылдың қыркүйегінен бері Моуринью Португалияның "Бенфика" клубын жаттықтырып келеді. Сонымен қатар ол мансабында "Челси", "Порту", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм", "Рома", "Интер" және "Фенербахче" клубтарында жұмыс істеген.
Португалиялық маман "Порту" және "Интермен" бірге екі мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Сондай-ақ "Манчестер Юнайтедпен" Еуропа лигасын, ал "Ромамен" Конференциялар лигасын ұтқан.
Жарнама