Пепе Португалия құрамасына шақырту алмады. Себебі белгілі

©Sportbox

"Порту" ойыншысы Пепе коронавируспен ауырып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Енді қорғаушы Португалия мен Түркия арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама берілетін іріктеу матчына қатыса алмайды. Оның орнына бас бапкер "Лилльде" ойнайтын Тьягу Джалуды шақырды.

Еске салайық, Пепе Португалия командасымен 2012 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанса, араға төрт жыл салып Франциядағы футбол тойында алтыннан алқа тағынды. Өз құрамасының сапында 123 кездесуде 7 гол соқты.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport