Пенальтиден мүлт кеткен Роналду жылап жіберді. Португалия ширек финалға әзер өтті
Сапында Криштиану Роналду өнер көрсететін Португалия құрамасы Еуро-2024 турнирінің ширек финалына өтті.
Сапында Криштиану Роналду өнер көрсететін Португалия құрамасы Еуро-2024 турнирінің ширек финалына өтті.
1/8 айналымдағы матчте Роберто Мартинес жаттықтыратын команда Словениямен ойнады. Бұл ойын Франкфурт-на-Майнедегі "Дойче Банк Парк" стадионында болды.
Кездесудің негізгі уақытында есеп ашылмады. Роналду төрт айып добын орындағанын айта кетейік. Осыдан кейін 15 минуттан екі рет экстра-тайм қосылды. Біріншісінде Криштиану 11 метрлік пенальти тепті, алайда оны словениялықтардың қақпашысы Ян Облак қайтарды, Роналду ашынғаннан жылап жіберді.
Екінші экстра-тайм да голсыз өтті. Осылайша, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Міне осы кезде Португалияның жолы боллды және Роналду да доп тепкенде мүлт кетпеді.
Енді жартылай финалға жолдама үшін Португалия Франция құрамасымен ойнайды.
Жарнама