Пенальти сериясында Швейцарияны ұтқан Испания Еуроның жартылай финалына шықты

Сурет: Sportbox

Испания құрамасы Еуро-2020 турнирінің ширек финалында Швейцарияны ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Санкт-Петербургте өткен матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 8-минутында швейцариялық Денис Закария өз қақпасына доп соғып алды. Ал 68-минутта Джердан Шакири таразы басын теңестірді.

Бірнеше минуттан соң Ремо Фройлер қызыл қағаз алып, Швейцария құрамасы он ойыншымен қалған. 

Матчтің 90 минуты мен екі экстра-таймда да гол соғылмады. Ал пенальти сериясында Испания ойыншылары жеңіске жетті.

Жаңалықтар