Футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Португалиядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/2 финал Каунаста өтіп, негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады - 2:2.
Португалиялықтар сапынан Анилтон Сезар Пани (23-минут) және Бруну Коэлью (49) гол салды. Қазақстандық командадан Дәурен Нұрғожин (40-минут) және Дуглас (42) көзге түсті.
Пенальти сериясын португалиялықтар сәтті орындады - 4:3.
Осылайша, Португалия финалда Аргентинамен, ал Қазақстан үшіні орын үшін Бразилиямен ойнайды. Бұл матчтер 3 қазанда өтеді.