Пенальти сериясында "Челсиді" ұтқан "Ливерпуль" Еуропа Суперкубогын жеңіп алды

Сурет: Reuters©
УЕФА Суперкубогы үшін матчте "Ливерпуль" пенальти сериясында "Челсиден" басым болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркия астанасы Ыстанбұлдағы "Водафон Арена" стадионында өткен ойынның негізгі және қосымша берілген уақытында есеп 2:2 болды. Ойында Стефани Фраппар бастаған франциялық төреші әйелдер бригадасы қызмет етті.

36-шы минутта "Челсидің" франциялық форварды Оливье Жиру командасын алға шығарды. Ал лондондық команданың америкалық ойыншысы Кристиан Пулишич тамаша ассистпен көзге түсті. 41-ші минутта Пулишичтің салған доп офсайдқа байланысты есептелмеді. 

"Ливерпуль" есепті үзілістен кейін ғана теңестірді - 48-ші минутта сенегалдық форвард Садио Мане гол салды. 71-ші минутта "Челси" өзге ойыншыны ауыстырып алаңға шыққан Мэйсон Маунттың қарсыластар қақпасына доп салған сәтінде офсайд тіркелді. 

Осылайша, ойын қосымша уақытта жалғасты. Командалар тағы бір голдан алмасты: "Ливерпульде" 95-шы минуттал Мане дубль жасады, ал "Челсиде" 101-ші минутта қақпашы Адрианның ереже бұзғаны үшін пенальтиден Жоржиньо гол сала алды.

Пенальти сериясында командалар төрт голдан салды, ал бесіншісінде Адриан "Челси" шабуылшысы Тэмми Абрахамның добын қағып үлгерді. 

Жаңалықтар