Футбол
12 шілде 2021 09:37
 

"Пенальти сериясына жеткенімізде көңіл-күйім түсіп кетті". Роберто Манчини Еуро-2020 финалы туралы

  Пікірлер

blog.share

"Пенальти сериясына жеткенімізде көңіл-күйім түсіп кетті". Роберто Манчини Еуро-2020 финалы туралы сурет: reuters

Роберто Манчини Еуропа чемпионатының финалынан кейін көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Роберто Манчини Еуропа чемпионатының финалынан кейін көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Еуро-2020 турнирінде топ жарғанымызға қуаныштымын. Біздің команданы жеңіске лайық деп есептеймін. Жылдам гол өткізіп алған соң алғашқы 15 минуттай ойын өрнегін жоғалтып алдық. Дегенмен уақыт өте келе жігіттер қайта жинақы қимылдай бастады. Таразы басын теңестірген соң негізгі уақыт аяқталғанша тағы да гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Шынымды айтсам, пенальти сериясына дейін жеткенімізге көңіл-күйім түсіп кетті. Себебі, пенальти дегеніңіз лотерея. Абырой болғанда Еуропа Кубогі бізге бұйырған екен. 50 күн бойы ұйымшыл бола білген командамыз қажырлы еңбектің жемісін жеп отыр. Командамды және барша Италия халқын шын жүректен құттықтаймын. Осындай тартысты финалдан кейін көз жасыма ерік беріп тұрмын. Бұл қуаныштың көз жасы", - дейді Манчини турнирдің ресми сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Италия құрамасы Еуропа чемпионатының тарихында екінші рет жеңіске жетіп отыр. Соңғы рет "Скуадра Адзурра" 1968 жылы кәрі құрлықтың үздігі атанған.

Жарнама

Живи спортом!