Футбол
15 мамыр 2018 18:41
 
Пенальти сериясы кезінде қақпашы алаңнан қуылды

  Пікірлер

blog.share

Пенальти сериясы кезінде қақпашы алаңнан қуылды видеодан үзінді

Ирландия жастар құрамасының қақпашысы Джеймс Коркоран Еуропа чемпионатында U-17 ширекфиналдық кездесуде Голландия футболшыларына қарсы ойында пенальти сериясы кезінде алаңнан қуылды. Осы сәтте түсірілген видеоны Twitter желісінде Terrace Images есімді қолданушы жариялады. 

Коркоран Дэйшон Редном тепкен соққыны қайтара білді, алайда арбитр қақпашының әрекетінен ереже бұзылғанын (ирландиялық допты қайтармастан бұрын алға қарай қадам басып, қақпадан шығып кеткен) айтып, сары қағаз көрсетті. Бұл ойында қақпашыға көрсетілген екінші сары қағаз болғандықтан, Джеймс Коркоранға қызыл қағаз көрсетілді. 

Коркоранның орнына алаңдағы ойыншы қақпаға тұрғаннан кейін, ирландиялықтар 4:5 есебімен жеңіліп қалып, жарыстан шығып қалды. Жеңіске жеткен голландиялықтар 17 мамырда ағылшын құрамасымен кездеседі. 

Жарнама

Живи спортом!