Пенальти қайтарған "Ливерпуль" қатарынан үш матчта жеңіске жетті

©Ливерпуль ФК

Англия чемпионатының 12-турында "Ливерпуль" мен "Вэст Хэм" кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Өз алаңындағы ойында "мерсисайдтықтар" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голының авторы Дарвин Нуньес. Ол 22-минутта қорғаушы Константинос Цимикастың пасын голға айналдырды.

Бірінші таймның соңғы минуттарында Джо Гомес тәртіп бұзып, Джаррод Боуен пенальти тепті. Алайда Алиссон тамаша сейв жасай алды. Осылайша, "Ливерпуль" командасы қатарынан үш матчта жеңіске жетіп отыр. Бірнеше күн бұрын АПЛ аясында "Манчестер Ситиді" (1:0) және оның алдында Чемпиондар лигасында Глазгоның "Рейнджерсін" (1:7) тізе бүктірген еді.

Осы жеңісінен кейін Юрген Клопп жаттықтыратын "Ливерпуль" турнир кестесінде 16 ұпаймен 7-орынға дейін көтерілді. Ал "Вест Хэм" болса 11 баллмен 13-орында қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport