Пеле ауруханадан шықты

24 желтоқсан 2021 11:48
©BBC

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле ауруханадан шықты, деп хабарлайды Sky Sports.

81 жастағы Пеле жоспарлы химиотерапия курсынан өтті.

Еске салайық, мұның алдында футбол жұлдызы тоқ ішегіне шыққан артық өсіндіні кестіру бойынша операция жасатқан. Ісік тексеріс кезінде анықталған екен. Ал отадан кейін Пеле жансақтау бөліміне түсіп қалған болатын. Кейінгі жылдары ол бірқатар сырқаттармен күресіп келеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport