Аргентина құрамасының шабуылшысы биылғы футбол маусымы аяқталысымен "Ювентустен" еркін агент ретінде басқа клубқа тегін ауыса алады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболшы алдағы уақытта Диего Симеоне жаттықтыратын Мадридтің "Атлетикосына" ауысуы мүмкін. Бұл турасында ойыншының өзі отандасымен (Диего Симеоне) бірге жұмыс істеуге қарсы еместігін білдірген. Шабуылшы биылғы маусымда "Ювентус" сапында ішкі чемпионатта 21 матчта 8 гол соқты.