Пауло Дибала "Интерге" ауысуы мүмкін

©Ювентус ФК

"Ювентус" клубының басты сұрмергені Пауло Дибала кәсіпқой карьреасын Миланның "Интерінде" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әзірге туриндіктер аргентиналық ойыншымен келісімшартын созуға асығар емес. Осыған орай "Интер" мүмкіндікті мүлт жібермей, Дибаланы өз қатарына қосудың қамына кіріскен. Форвардқа барынша жоғары айлық төлеуге қарсы еместігін жеткізген.

Еске салайық, Дибала "Ювентус" сапында 197 матчта 79 гол соққан. "Кәрі сеньорамен" бірге А сериясын 5 рет жеңіп алды. 2020 жылы Италия чемпионатының ең бағалы ойыншысы номинациясында үздік деп танылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар