Патрик Клюйверттің ұлы "Ниццада" қалатын болды

©Ницца ФК

"Ницца" футбол клубы "Рома" шабуылшысы Джастин Клюйвертпен келісімшартқа отыратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Биылғы маусымда кіші Клюйверт "Ницца" командасының сапында ойнап жүр. Нидерланды құрамасының жартылай қорғаушысы Франция чемпионатына "Ромадан" жалға берілген. Енді жазғы трансферлік маусымда "Ницца" басшылығы Клюйвертті 35 милион еуроға сатып алуға дайын.

Еске салайық, Джастиннің әкесі кезінде Патрик Клюйверт "Аякс" клубымен ішкі чемпионаттың екі дүркін чемпионы атанса, "Барселона" командасында Ла Лиганы бір рет ұтты. Нидерланды құрамасының сапында 79 матчта 40 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport