"Партизанның" Еуропа лигасындағы "Астанамен" ойынға құрамы белгілі болды

© "Партизан" ФК
"Партизанның" бас бапкері Саво Милошевич Еуропа лигасы топтық кезеңі екінші турындағы "Астанамен" ойынға команда құрамын анықтады.

Сербиялық клуб кеше Нұр-Сұлтанға жетті. Милошевич ойынға 21 футболшыны алып келді:

қақпашылар: Владимир Стойкович, Неманья Стеванович, Филип Кляйич;
қорғаушылар: Неманья Милетич, Боян Остойич, Страхинья Павлович, Слободан Урошевич, Райко Брежанчич, Игор Вуячич;
жартылай қорғаушылар: Александар Шчекич, Саша Зделар, Бибрас Натхо, Сейдуба Сума, Зоран Тошич, Лазар Павлович, Александар Лутовац;
шабуылшылар: Такума Асано, Умар Садик, Лазар Маркович, Джордже Иванович, Петар Гигич.

Матч 3 қазан "Астана Аренада" өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 20:50. Ойынды Qazaqstan арнасынан тікелей тамашалауға болады.

"Манчестер Юнайтедтен" бірінші турда жеңілген "Астана" L тобында ұпайсыз қалып, соңғы келеді. "Партизан" мен "АЗ Алкмар" екінші және үшінші орында. 
Жаңалықтар