"Пари Сен-Жермен" командасы Франция чемпионатыныңң 17-турында "Парижді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Парк-де-Пренс" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.
Жеңімпаздар құрамында Дезире Дуэ (45-минут) және былтыр "Алтын доп" иегері атанған Усман Дембеле (53-минут) гол соқты. Қонақтар сапынан Виллем Жеббель 51-минутта пенальтиден есеп айырмасын қысқартты.
Осы жеңістен кейін "Пари Сен-Жермен" 39 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Ал "Париж" 16 ұпаймен 15-орында тұр.
16 қаңтарда "Пари Сен-Жермен" өз алаңында "Лилльді" қабылдайды, ал 18 қаңтарда "Париж" сырт алаңда "Нантпен" кездеседі.
Жарнама