Футбол
Бүгін 08:34

Парагвай мен Германияның ӘЧ-2026-дағы матчі сенсациямен бітті

©globallookpress.com/Eduardo Carmim

Парагвай құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Германияны жарыстан шығарып тастап, сенсациялық түрде 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен бітіп, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Алғашқы болып есепті 42-минутта парагвайлықтар ашты. Хулио Энсисо дәл соққысымен өз командасын алға шығарды.

Екінші таймның басында Германия таразы басын теңестірді. 54-минутта Кай Хаверц гол соғып, есепті 1:1-ге жеткізді.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаған соң командалар қосымша екі тайм өткізді. 102-минутта Германия қорғаушысы Йонатан Та гол соққанымен, VAR жүйесінің көмегімен эпизодты қайта қараған төреші ереже бұзушылықты тіркеп, голды есепке алмады.

Қосымша уақыттың соңына дейін есеп өзгеріссіз қалып, жеңімпаз пенальти сериясында белгілі болды. 11 метрлік соққыларда Парагвай футболшылары мықтырақ болып, келесі кезеңге өтті.

Енді Парагвай құрамасы ширек финал жолдамасы үшін Франция мен Швеция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport