Паоло Мальдини Еуропаның үздік менеджері атанды

©Милан ФК

"Милан" клубының техникалық директоры Паоло Мальдини Еуропаның ең үздік футбол менеджері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Golden Boy Awards 2022 салтанатты іс-шарасында италиялық менеджер үздік деп танылды. Өткен маусымда "Милан" А сериясының чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2022/23 жылғы маусымда Чемпиондар Лигасының плей-офф раундына жолдама алып, 1/8 финалда "Тоттенхэммен" кездеседі.

Еске салайық, Мальдини 1984-2009 жылдары "Милан" сапында 647 ойында 30 гол соққан. Сол уақыт ішінде Италияның 7 дүркін чемпионы атанып Чемпиондар лигасының Кубогін 5 мәрте иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар