"Өзім көргем, өтірікші әрі айлакер". Испания чемпионы Месси туралы ойын айтты

Сурет: Eurosport
Англиялық "Ливерпуль" мен мадридтік "Реалдың" бұрынғы қақпашысы Ежи Дудек "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси өтірікші әрі арандатушы екенін айтады, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

"Барслелона" мен Пеп Гвардиола сияқты ол да өтірікші және арандатқыш. Мессидің соншалықты дөрекі сөздерді Пепе мен Серхио Рамосқа айтқанын өзім көргенмін. Олар сізді оңай арандататын және айласын мінсіз асыратын. Ал былай қарағанда өте көркем адам болып көрінеді", - деп Marca Дудектің өмірбаянынан үзінді берді. 

Сонымен бірге, ол бұрынғы командаласы Криштиану Роналдуны да сипаттаған.

"Криштиану Роналду тәкәпар, бірақ, алаңнан тыс қарапайым. Рауль сияқты, ол өзімшіл, бәсекеге қабілеті жоғары және ол жеңімпаз", - депті Дудек. 

Айта кетейік, голкипер 2007/08 маусымында мадридтік "Реалмен" Испания чемпионы атанған. 
Жаңалықтар