Өзгеше шартпен. "Барселона" Мессиге он жылдық келісім ұсынды

Сурет: Fútbol Flash

"Барселона" клубы шабулшы Лионель Мессиге он жылға есептелген келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды "Чемпионат".

Мәлімет бойынша, бұл келісімнің шарттары өзгеше екен. Ол бойынша Месси каталондық клубта екі маусым өткізіп, кейін "Барселона" елшісі ретінде үш жыл MLS лигасында ойнайды. Кейінгі бес жылын қайтадан каталондық клубта болады да, қызметтердің біріне тағайындалады екен. 

Еске салайық, Мессидің клубпен қазіргі келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымында аяқталады. 33 жастағы аргентиналық карьерасын толықтай бір командада өткізді.